Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,5 долларға немесе 5,3% - ға төмендеп, баррелі 26,58 долларға дейін түсті
20 сәуір күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап хабарлайды.
Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,5 долларға немесе 5,3% - ға төмендеп, баррелі 26,58 долларға дейін түсті. Ал WTI маркалы америкалық мұнай 9,43 долларға немесе 51,6% - ға арзандап, баррелі 8,84 доллар түсті. Агенттіктің хабарлауынша, Мәскеу уақытымен сағат 20:56-де америкалық мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеп 0,01 долларды құраған.