Қазақстанда екінші АЭС-тің атауы анықталды

21.04.2026 11:55

Оны Балқаш жағалауына орналастыру жоспарланып отыр

Depositphotos.com

ҚР Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев елімізде салынатын екінші атом электр станциясының құрылысына қатысты егжей-тегжейлі мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv. Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жоба бойынша шешім қабылданған. Екінші АЭС-ті Балқаш көлінің жағалауына орналастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда үш келешегі бар алаң қарастырылуда, құрылыстың нақты орны кейінірек жарияланады.

— Екінші атом станциясының жұмыс атауы да дайын — оның болжамды орналасуына байланысты «Мойынқұм» АЭС-і деп аталады. Станция әрқайсысы 1200 МВт болатын екі блоктан тұрады деп жоспарланған. Біз қазір әріптестерімізбен әлеуетті вендорды (жеткізушіні) анықтау бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін қытайлық CNC компаниясы екінші атом станциясын салуда басым серіктес ретінде қарастырылып жатқанын айтқан болатынбыз, — деді Алмасадам Сатқалиев.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов: Біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету