Алдағы 5 жылда елде мыс өндірісі екі есе артады. Қазақстан 2030 жылға дейін металлургия саласын қарқынды дамытуға ниетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл мақсатқа жету үшін жаңа кен орындарын игеру, өңдеу қуатын арттыру және қосылған құны жоғары өнім шығаруға басымдық беріледі. Ал Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Айдарлы, Көксай және Бенқала сияқты ірі жаңа кен орындары іске қосылса, мыс өндірісінің көлемін жылына 300 млн тоннаға жеткізу мүмкін деп отыр. Сонымен бірге елімізде алюминий өңдеу де 50%-ға, қорғасын өндірісі екі есеге, ал мырыш өндірісі 11 процентке ұлғайтылмақ.
Айта кетейік, биыл елімізде жалпы құны 1,6 трлн теңге болатын 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылады. Олар шамамен 23 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бергелі отыр. Оның ішінде тау-кен металлургия саласына тиесілі 28 жобаның жалпы құны 444 млрд теңге екен. Бұл бағытта 6 жарым мың адам жұмыспен қамтылмақ. Ал 2024 жылы металлургия саласына 1,7 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда «Келешек» бағдарламасы ресми түрде іске қосылды