Үкіметте форумға дайындық мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының қатысуымен биыл 25 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қыземтіне сілтеме жасап.
Кеңеске қатысушылар форумның бағдарламасын, оның ішінде салалық панельдік сессияларды, екіжақты кездесулерді, көрме алаңын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Форум аясында қол қоюға жоспарланған құжаттардың тізбесі қаралды. Қазіргі уақытта инвестициялық жобалар мен бастамалар бойынша ұсыныстарды жинақтау және оларды Қытай тарапымен келісу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды алаң болатыны атап өтілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда балалар жинаған 50 мың қақпақтан «Таза Қазақстан» стеласы орнатылды