Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс - Президент

Almaty.tv
Almaty.tv

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру қажеттігін жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Біз реформаларды жалғастыра береміз. Мен Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл – соңғы жылдары қолға алынған ауқымды өзгерістердің заңды жалғасы.  Түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Азаматтарымыз мақұлдаса, Ата Заңға көптеген өзгеріс енгізіледі. Түзетулердің ауқымын ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдаумен бірдей қадам деуге болады. Біз озық ойлы ұлт ретінде болашаққа сеніммен қараймыз",-деді Президент.

Сондай-ақ алдымызда биік мақсаттар тұрғанын айтқан Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру қажеттігін жеткізді.

"Толық цифрлық мемлекет болуымыз керек. Энергетика, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту қажет. Мұның барлығы – бір күндік шаруа емес. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктірсек, осы мақсаттың бәріне жетеміз.  Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс. Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек. Айтылған міндеттердің барлығы уақтылы әрі сапалы орындалуға тиіс",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалмағанын айтты

Новости партнеров