Әуе көлігі нысанында еңбек ететін мамандардың жұмыс жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылды
ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға бағытталған негізгі іс-шаралар қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастамаларды жүзеге асырады:
2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды.
Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады.
Әуежай инфрақұрылымының жаңа инвестициялық жоспарымен қоса, негізгі-жоспардың барлық қосымша мәліметтерін Алматы халықаралық әуежайының алдағы баспасөз конференциясында (2025 жылдың жазы) толығырақ мәлімдейді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы өткен 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.
Оқи отырыңыз: Алматы саябақтарында жарықтандыру бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде