Brent мұнайының бағасы барреліне 82 доллардан асты

16.01.2025 12:38

Бұған дейін күндізгі сауда барысында максималды 82,59 доллар деңгейі тіркелген еді

Zbynek Burival/unsplash.com

Әлемдік мұнай бағасы шамамен үш пайызға өсті, Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 2024 жылғы тамыздан бері алғаш рет 82 доллардан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі сауда деректеріне сілтеме жасап.

Астана уақыты бойынша 08:28-де Лондон биржасындағы ICE-де Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің құны барреліне 82,29 долларға дейін өсіп, 2,96 пайызға артты. Бұған дейін күндізгі сауда барысында максималды 82,59 доллар деңгейі тіркелген еді.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3,76 пайызға өсіп, барреліне 80,42 долларға жетті, ең жоғары деңгейі 80,74 доллар болған.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады