Доллар бағамы бәсеңдейді: Роман Скляр пікірін білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv

Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Роман Склярдың сөзінше, келесі жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында доллар бағамы 540 теңге деп белгіленген. Құжатта мұнай бағасы пессимистік сценарий бойынша 60 доллар деп көрсетілген. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ұлттық банк үкіметке бағынбайтын дербес құрылым екенін атап өтті.

"Олар өздері қажет деп тапқан ақша-несие саясатын жүргізеді. Менің және әріптестерімнің болжамынша, доллар бағамы бәсеңдейді, қазіргідей деңгей көп тұрмайды. Біз осындай жағдайды бұған дейін бірнеше рет көрдік", – деді ол.

Дереккөз: inbusiness.kz

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңге бағамын ұстау үшін интервенция жасауға кірісті

Новости партнеров