Ақша айырбастау орындарында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 364 теңгеге жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kurs.kz сайтына сілтеме жасап.
Теңге қазір 363-364,8 теңге аралығында саудаланып жатыр. 11 тамыздағы биржа саудасында ұлттық валюта долларына 361 теңгеге дейін әлсіреді.
KASE қор биржасының 10 тамыздағы күндізгі саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 357,02 теңгеге тең болды Сондай-ақ, осыған дейін Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атаған болатын.