Елімізде мәдени іс-шараларға сұраныс артып келеді

27.08.2025 21:45

Аймақтар ішінде Астана көш бастап тұр

Almaty.tv

Елімізде мәдени іс-шараларға деген сұраныс артып келеді. Биыл жеке кәсіпкерлер көрсеткен қызмет көлемі 31 жарым миллиард теңгеден асқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 27 пайызға көп. Аймақтар ішінде Астана көш бастап тұр. Үш айдың ішінде елордада көрсетілген қызмет көлемі 10 миллиард теңгеге жетіп, бір жылда шамамен 46 пайызға артқан. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр. Мұндағы көрсеткіш - 7 миллиард 300 миллион теңге. Ал үшінші орынға Қарағанды облысы тұрақтаған. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында екен.

Сұраныс әсіресе әртістік қызметке түсіпті. Оның көлемі – 19 миллиард теңге, бұл жалпы нарықтың 60 пайызына жуық. Соның ішінде 9 миллиард 800 миллион теңге театр қызметіне, 9 миллиард теңгеге жуығы концерттік бағдарламаларға тиесілі екен. Ал цирк қызметінің көлемі небәрі 258 миллион теңге. Кинематография саласы да тұрақты дамып келеді. Былтыр кино көруге барған көрермендер саны 23 миллионнан асыпты. Бүгінде ел аумағында 113 кинотеатр жұмыс істейді, ал олардың табысы 44 миллиард теңгеге жуықтаған. Мамандар бағаның жыл сайын өсіп жатқанына қарамастан, қазақстандықтардың салаға деген қызығушылығы төмендемегенін айтты.

Оқи отырыңыз: Жазғы лагерь: Алмалы ауданында 200-ден аса бала тегін демалады