Қазақстан экономикасының былтырғы өсімі 6,5%-ға дейін жеделдеді – министр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Мәди Такиевтің айтуынша, мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

2025 жылы экономикалық белсенділікті көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауданы қоса алғанда, нақты сектордың негізгі салалары жеделдетті. Мәжілістің жалпы отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы қаржы министрі Мәди Такиев баяндады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы оң динамиканы сақтап қалды. ЖІӨ өсімі 6,5% құрады. Өсімге негіз болған салалар: көлік 20,4%-ға, құрылыс 15,9%-ға, тау-кен өнеркәсібі 9,4%-ға және сауда 8,9%-ға өсті. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы нақты мәнде 2%-ға төмендей отырып, 442 мың теңге деңгейінде онықты. Ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты сақтала отырып 4,6% деңгейінде болды», – деді Мәди Такиев.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында тұр. Жыл қорытындысы бойынша, ол жалпы ішкі өнімнің 22,8%-ын немесе 36,4 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ЖІӨ көлемі – 159,6 трлн теңге.

«Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында $73,8 млрд болды, оның ішінде валюталық қордың активтері – $63,9 млрд. Бұл сомада “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша қарастырылған $1,57 млрд мөлшеріндегі нысаналы талаптар жоқ», — деп атап өтті министр.

Оқи отырыңыз: Қазақстан іздеу жариялаған 80 адам шетелден анықталды - ІІМ

Новости партнеров