Соңғы бір жылда шетелге жіберілген ақша көлемі азайған
Қазақстанда ақша аудару жүйелері арқылы жүзеге асырылатын халықаралық транзакциялар көлемі күрт қысқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-сілтеме жасап.
Тамызда Қазақстаннан шетелге 27,9 млрд теңге аударылған. Салыстырсақ, шілдеде бұл көрсеткіш 56,4 млрд теңгеден асқан. Осылайша, бір айда ақша аударымдарының көлемі екі есеге азайды. Тамыздағы көрсеткіш 2020 жылғы сәуірден бергі ең төменгі деңгей болды. Бұл туралы Finprom сарапшылары хабарлады.
Соңғы бір жылда шетелге жіберілген ақша көлемі 2,6 есе азайған. 2025 жылғы тамызда шетелге 72,7 млрд теңге аударылған.
Қазақстанға шетелден келетін ақша ағыны да бәсеңдеді. Тамызда ақша аудару жүйелері арқылы елге 12,2 млрд теңге түскен. Шілдеде бұл көрсеткіш 15,9 млрд теңге болған. Яғни бір айда 23,8%-ға төмендеді. Жылдық көрсеткіш бойынша төмендеу 41,7%-ды құрады.