Мемлекет әлеуметтік қолдаудың атаулы бағытын арттыруға ниетті
2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3%-ға өседі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Үкіметтен хабарлағандай, халықтың табысын қолдау үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасады. Экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылатын болады.
Әлеуметтік қолдау шаралары туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
Оның айтуынша, мемлекет әлеуметтік қолдаудың атаулы бағытын арттыруға ниетті.
«Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулы бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарлануда. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады», - деді Серік Жұманғарин.
Оқи отырыңыз: Бизнесті қолдау және халықтың несие алуын төмендету: Қазақстанда қандай шаралар енгізіледі