Екі банктен алған қарыз 15 жылға рәсімделеді
Қазақстан экономиканы қолдау үшін 105 миллиард йен қарыз алатын болды. Бүгін Парламент мәжілісінде шетелдік Азия даму және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банктерінен берешек алу туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, екі банктен алған қарыз 15 жылға рәсімделеді. Бұл теңгеге шаққанда 334 миллиард теңгені құрайды.
"Азия даму банкі қарызды Қазақстанға 52,3 млрд йен сомасында ұсынады. Қарызды жабу мерзімі 15 жылға есептелген, оның ішінде жеңілдікті кезең 2027 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады. Қаражат жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген көлемі шегінде ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады. Азия инфрақұрылымдық даму банкінен де қарызды осындай шартпен аламыз", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Татьяна Савельева.
Оқи отырыңыз: Алматы мен Оралда жалған ақша сатумен айналысқан топ анықталды