Қазақстан қор биржасында капитал артты

15.10.2025 18:36

KASE-де шағын және орта бизнеске арналған капитал нарығының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған халықаралық акция өтті

Қазақстан қор биржасы биыл 278 трлн теңгеден астам қаржы айналымын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE басқарма төрағасының мәлімдеуінше, отандық қор биржасында 9 айда акциялар нарығының жалпы капиталдануы 22 пайызға өсіп, 40 трлн теңгеден асқан. Биржа тізіміне 70 эмитенттің 231 бағалы қағазы енгізіліпті. Сондай-ақ қыркүйек айында KASE-де шағын және орта бизнеске арналған капитал нарығының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған халықаралық акция өтіп, сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылған.

«Биыл тоғыз айда корпоративтік сектор компаниялары шамамен 130 миллиард теңге қаржы тартты. Қаржы ұйымдары мен микроқаржы компаниялары тарапынан да сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұдан бөлек, жеке инвесторлардың да белсенділігі артып келеді. Әсіресе акциялар нарығында, олардың үлесі сауда көлемінің 50 пайызынан асты», – деді KASE басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа форматтағы базарлар пайда болады