Қазақстан Мажарстанға 95 тауар түрі бойынша экспортты арттыруға дайын

Almaty.tv
Almaty.tv

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі барлық уағдаластықтың сапалы орындалуын бақылауға алатынын баса айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Мажарстанға 95 тауар түрі бойынша экспортты арттыруға дайын. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов пен Мажарстан президенті Тамаш Шуйок экономикалық ынтымақтастық пен келісімдерді жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келіссөз барасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу сынды өзекті мәселелерге назар аударылды. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспортын кеңейту мақсатында Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі барлық уағдаластықтың сапалы орындалуын бақылауға алатынын баса айтты. Өз кезегінде, Мажарстан президенті Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалап, қазақ-мажар ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз:  Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады

Новости партнеров