Америка президенті Дональд Трамп болғалы Қазақстанда доллар бағамы көтеріле бастады. Бүгін көк қағаз құны ақша айырбастау орындарында 493 теңге шамасында сатылып жатыр. Өткен айда ғана 483 болған доллар бағасы АҚШ-та президент сайлауы аяқтала салысымен, өсіп келеді. Жылдың соңына дейін кестедегі көрсеткіш тағы көтерілуі мүмкін бе? Келер жылға қандай болжам бар? Бұл жөнінде «Алматы» телеарнасына арнайы сұхбат берген экономист Сапарбай Жобаевтың пікірін білсек.
"АҚШ-тағы президент сайлауы америка долларының күшеюіне алып келді. Неге? Трамп Америка экономистерінің мүддесін қорғайтын, Американың өзінің экономикалық күшеюіне әсер ететін көп заңдылықты кіргізеді. Сондықтан Американың доллары еуроға да, юаньға да басқа да валюталарға күшейді. Оның әсері теңгеге де әсер етті. Бүгін бір доллар 492, 93 теңге болып тұр. Біздің ойымызша жылдың соңына дейін 485 теңгеге түсуі керек. Ұлттық банктің алтын валюта резерві бар. Соңғы кезде ұлттық қордың да біраз валюталық ақшасын биржаға тастап, бюджетке транспорт жасамақшымыз. Сондықтан жылдың соңына дейін теңге қуаттанады деп ойлаймын.
Ал келесі жылғы болжам өте күрделі. Бірақ теңгеміздің бір қалыпты болуына себептер бар, экономикамыз қалыпты дамып келе жатыр. Биылғы 4,5 пайыздық өсім сәл азырақ деп есептелінеді. Келесі жылы халықаралық валюта қоры да 5, 6 пайызға өсу керек деп жатыр. Экомноимканы5, 6 пайызға өсіре алсақ, теңге қалыпты жағдайда тұрады. Яғни, 1 доллар 480-490 теңге деңгейінде қалады", – деді экономист Сапарбай Жобаев.
Оқи отырыңыз: 11 қарашаға арналған валюта бағамы