Қазақстанда мал саудасы бойынша мамандандырылған биржа құрылады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сондай-ақ уақ малға арналған бордақылау кешенін іске қосу жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында агроөнеркәсіп кешеніндегі оң өзгерістер туралы айтты,  деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Былтырғы Жолдауда үш жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойдым. Біз негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыра бастадық. Атап айтқанда, таяу жылдары сүт өндіру көлемін 600 мың тоннаға көбейтуге мүмкіндік беретін 116 заманауи тауарлы сүт фермасы салынады", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жалпы қуаты жылына 220 мың тонна құс етін өндіретін 29 фабриканы, сондай-ақ қуаты жылына 850 миллион жұмыртқа өндіретін 11 құс фабрикасын пайдалануға беру көзделген.

"100 мыңға жуық ірі қараға арналған 6 бордақылау алаңын, сондай-ақ 50 мың бас уақ малға арналған бордақылау кешенін іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Үкімет алғашқы мамандандырылған биржа ашуды қолға алды. Бұл кешенде мал саудасының заманауи ережелері сақталып, фермерлер мен тұтынушылар арасында басы артық делдалдар болмайды", - деді Қ. Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде инфляция деңгейі төмендеді – Президент

Новости партнеров