Жүйені дамыту департаменті өкілдерінің сөзінше, бүгінде дәл осы ақша түрі арқылы 60 мыңнан астам төлем жасалған
Қазақстанда цифрлық теңге келер жылы толығымен қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Цифрлық теңгесі барлар интернетсіз-ақ төлем жасау мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін ұялы телефонға жеке қосымша орнатудың қажеті жоқ. Цифрлық теңге банктердің қолданыстағы мобильді қосымшаларына енгізіледі. Жүйені дамыту департаменті өкілдерінің сөзінше, бүгінде дәл осы ақша түрі арқылы 60 мыңнан астам төлем жасалған. Осылайша, жоба халықаралық деңгейде мойындалған.
Айта кету керек, цифрлық теңге бұл биткоин немесе криптовалюта емес. Қарапайым тілмен айтқанда, кәдімгі теңгенің электронды түрі. Ол толықтай мемлекет тарапынан бақыланады.
«Цифрлық теңге екі деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қорғалады. Бірінші деңгей – банктер жағында. Біз цифрлық теңгені сақтау мен пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи криптография және кілттерді қорғау технологияларын қолданудамыз. Бұл пайдаланушылардың қаражатын қорғауға және алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Жобаны барлық банк пен төлем жүйелеріне енгізу көзделген. Ал келесі жылы офлайн төлемдер және шетелге аударымдар іске қосылмақ», – деді «Цифрлық теңге» жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы Руслан Қоңырбаев.
Оқи отырыңыз: Astana Media Week 2025: жылдың үздік медиа мамандары марапатталды