Қазақстанның қай өңірлерінде азық-түлік бағасы көбірек қымбаттаған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сәуір айында азық-түлік пен қызмет бағасы қымбаттай бастаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәуір айында Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеп, 10,7% (наурызда – 10,0%) болды. Жылдық инфляцияның қарқыны 18 өңірде байқалды. 1 өңірде баяулап, тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдық инфляцияның 13,8%-дық ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.

«Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 8,5%-ға (наурызда – 7,6%) дейін жеделдеді. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (11,2%) айтарлықтай жоғары өсім көрсетті. Ал Қызылорда облысы мен Алматы қаласында(6,8%-дан) төмен өсім байқалды”, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,9%-ға (наурызда – 9,1%) дейін баяулады. Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,8%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,9%) тіркелді.

Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 15,7%-ға (наурызда – 14,3%) дейін жеделдеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында (20,0%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Павлодар облысында (8,6%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті.

Сәуірде айлық инфляция ел бойынша 1,2% болды.

Оқи отырыңыз: Елімізде қанша млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Новости партнеров