Мемлекет басшысы: бизнесті қорғау – ұлттық экономиканың дербестігін нығайту деген сөз

28.10.2026 13:56
depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін арттыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің мәліметінше, шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40%-ға жеткен. Ал негізгі капиталға тартылған инвестициядағы үлесі 70%-ға жақындап келеді.

Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпкерлерінің үштен бірінен астамы сауда саласында жұмыс істейді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы шағын бизнестің құрылымын әртараптандыруға баса мән беру керектігін атап өтті.

Президент Үкіметке орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеуді тапсырды. Құжатта кәсіпорындарды ұзақ мерзімді қаржыландыру және технологиялық жаңғырту тетіктері қарастырылуы қажет.

Сондай-ақ орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, өз өнімдерін өткізуіне қолайлы жағдай жасау маңызды екенін айтты.

Толық көрсету