Мұнай бағасы өсіп жатыр

12.12.2024 14:40

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 2,55 пайызға өсіп, барреліне 70,34 долларға жетті

Zbynek Burival/unsplash.com

Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астана уақыты бойынша сағат 08:30-да Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 73,64 долларға дейін көтеріліп, 2,00 пайызға өсті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 2,55 пайызға өсіп, барреліне 70,34 долларға жетті.

Оқи отырыңыз: Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді