Премьер-министр Олжас Бектенов сұйытылған мұнай газына, оның ішінде оны шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістер тарапынан сұраныстың артып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Энергетика министрлігіне «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, өндіріс көлемін арттыру бойынша жоспар дайындау тапсырылды.
«Сұйытылған мұнай газы нарығындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Отынның бұл түрін шикізат ретінде пайдаланып отырған өндірістердің дамуына байланысты оның сұранысы жыл сайын артып келеді. Энергетика министрлігіне "ҚазМұнайГаз" компаниясымен бірлесіп, бір ай мерзімде сұйытылған газ өндіру көлемін арттырудың нақты жоспарын ұсынуды тапсырамын.
Сонымен қатар өңірлер арасында, сондай-ақ өңірлер ішінде газ көлемін бөлудің ашық тетігін енгізу қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов.