Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөз сөйледі

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өнімдердің сапасы жоғары екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Баршаңызды Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтаймын! Алқалы жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Сондай-ақ бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдары болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналды. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды, елді мекендер салынды. Мен бүгін алғашқы тыңгерлердің және олардың ізін басқан диқандарымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент арнайы көрмені аралай келе, отандық өнімдердің сапасы жоғары екенін, көбі экспортқа шығарылып жатқанына тоқталды.

"Бұл – зор жетістік. Қазақстан Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-орын алады. Біз бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз. Ұн экспорты бойынша көш басындағы елдің біріміз.

Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр. Құттықтаймын және баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!" - деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақта "Еңбегіне қарай – өнбегі" деген сөз бар екенін, аталған нәтиженің ең алдымен, ауыл халқының ерен еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Президент Вьетнамды еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі деп атады

Новости партнеров