825 мың тонна: Қазақстан авиаотын өндірісі бойынша жоспарды асыра орындамақ
Жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрайды.
Энергетика министрлігі авиациялық отын өндірісін ұлғайту және ішкі нарықты қамтамасыз ету бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Биыл 750 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған еді. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндірілді. Жыл қорытындысында 825 мың тонна өнім өндіріледі деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп.
Салыстыру үшін, былтыр 726 мың тонна авиаотын өндірілді. Алдағы уақытта өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып, 2031 жылға қарай оны 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Қазақстанның азаматтық авиациясының, күштік құрылымдардың, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік материалдық резервінің қажеттіліктері отандық авиациялық отын есебінен толық қамтамасыз етіледі. Жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрайды.