Қазақстанда республикалық маңызы бар 2 мың шақырымнан астам жолды жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

22.09.2026 12:20
Depositphotos.com

Осы жылдың соңына дейін жол жөндеу жобаларын жүзеге асыру аясында республикалық маңызы бар 2 мың шақырымнан астам автомобиль жолын жөндеу және пайдалануға беру жоспарлануда. (Жалпы 70 жоба қамтылған). Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.

«Орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 4 242 шақырым болатын 141 нысанда жүргізілуде. Оның жартысын осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Орташа жөндеу жұмыстарының сапасы үшін мердігерлердің жауапкершілігі күшейтілді. Кепілдік мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Соңғы үш жылда орташа жөндеу технологиясы да өзгерді. Бұрын жолдың тозған үстіңгі қабаты ғана жаңартылса, қазір жол негізінің үстіңгі қабаты нығайтылып, оның үстіне екі қабат асфальтбетон төселеді. Бұл ретте жер төсемінің төменгі қабаттары мен жолдың негіздеріне әсер етпейді», — деп баяндады Дархан Иманшаев. 

Сонымен қатар елдегі I техникалық санаттағы автомобиль жолдарының ұзындығы 4 388 шақырымға, ал II санаттағы жолдардың ұзындығы 7 017 шақырымға жеткізілді. Бұл қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлуге және бетпе-бет соқтығысу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Толық көрсету