Квазимемлекеттік секторлар қаржыны тиімді игеруге міндеттеледі
Енді «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» сияқты ұлттық компаниялар игерілмеген қаражатты жыл соңында қазынаға қайтаруға міндеттеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Елімізде квазимемлекеттік секторлар пайдаланбаған қаржыны қайтару механизмі бекітіліп, жаңа Бюджет кодексіне тиісті норма енгізілді. Бұл тәсіл қазына қаражатын тиімсіз пайдалануға жол бермейді. Сондықтан ұлттық компаниялар әр тиынды ұқыпты жұмсайды.
«Бұл қадам мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық компаниялардың шоттарында «қажетсіз бос жатудың» орнына қаржы бюджетке қайтарылады. Соның нәтижесінде қаражат анағұрлым маңызды және шұғыл міндеттерге, мысалы, ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталуы мүмкін», - деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ресми өкілі Динара Әлімова.
Оқи отырыңыз: Астанада ауа сапасын бақылайтын бекеттер жаңартылады