Астанада ауа сапасын бақылайтын бекеттер жаңартылады

Мамандар бақылау желісін кеңейтіп, деректер нақтылығын арттыру керек екенін айтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада атмосфералық ауаны бақылауға арналған стационарлық бекеттер жаңартылып, олардың орналасу жүйесі қайта қаралады. Бұл шешім соңғы жылдары қала құрылымының өзгеруіне байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Қазгидрометтің» дерегінше, қазір елордада 10 бақылау бекеті жұмыс істейді. Оның алтауы автоматтандырылған және әр 20 минут сайын мәлімет жібереді екен. Алайда көбінің орнатылғанына 10 жылдан асыпты.

Мамандар бақылау желісін кеңейтіп, деректердің нақтылығын арттыру үшін бекеттерді жаңарту қажеттігін жеткізді.  

«Жаңа бекеттерді қаланың сол жағалауына орнату қарастырылып жатыр. Жалпы, Астанада ауа ластануын бақылауға арналған қосымша алты бекет орнатылмақ. Бірақ бұл жоба жергілікті әкімдікпен келісіле отырып, тек республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе ғана жүзеге асады», - деді «Қазгидромет» РМК Экологиялық мониторинг департаменті басқармасының жетекші инженері Гүлзат Шерубаева.

Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы: Ақтауда қауіпсіздік ережесін елемегендерге айыппұл салынып жатыр

Новости партнеров