2025 жыл қорытындысы: Президент бастамаларының нақты нәтижелері

30.12.2025 10:30

Жыл ішінде жаңа өндіріс орындары іске қосылып, ауыл шаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді

Акорда

2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі жоғары қарқынмен және нәтижелі өтті. Бұл кезең ел өміріндегі маңызды саяси әрі әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен есте қалды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде нақты оң өзгерістер байқалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл ішінде жаңа өндіріс орындары іске қосылып, ауыл шаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді, қамба астыққа толды. Ел аумағында тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп, автомобиль жолдары жаңартылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми және әлеуметтік-мәдени нысанды аралады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы 16 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің есептерін тыңдап, өңірлердің даму барысына жан-жақты баға берді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті