Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған жұмыс квотасы екі есе артады

21.04.2026 10:21

Өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар 413,7 мың еңбекке қабілетті адамның 110,8 мыңы жұмыспен қамтылған

Depositphotos.com

Инклюзивті жұмыспен қамтуды дамыту және азаматтарды қолдаудың проактивті модельдерін енгізу ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кәсіби тұрғыдағы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар 413,7 мың еңбекке қабілетті адамның 110,8 мыңы жұмыспен қамтылған. Жұмысқа тұрғызуға жәрдемдесу шараларымен 25 мыңнан астам азамат қамтылды, оның ішінде 8,1 мың адам жұмыс орындарын квоталау шеңберінде жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі Ұлытау облысы мен Қарағанды өңірінде. Бұл ретте министрлік инклюзияны кеңейту бойынша басқа кәсіпорындар үшін бағдар ретінде қызмет ететін ТОП-10 әлеуметтік жауапты жұмыс берушіні бөлек атап отыр.

«Министрлік биылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін квоталарды орындау үшін ұйымдар тізбесін цифрлық есепке алу тәсілін әзірлейтін болады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізіледі, ол жұмысқа орналастырғанға дейін азаматтарды белсенді сүйемелдеу моделіне көшуді қамтамасыз етеді. Осы жылдан бастап біз 17 мыңға жуық мүгедек адамды квотамен қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2 есе көп», — деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов: Біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету