Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы барысында отандық өнімді сатып алуды және қазақстандық өндірушілердің тауарларын кепілді өткізуді ұлғайту үшін ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар тетіктерін қолдануды кеңейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.
«Мұнда кәсіпорынның жаңа өнімін ұзақмерзімді шарт негізінде өткізуге кепілдік беретін офтейк-келісімшарттар бекіту тетігін кеңінен қолдану қажет. Бұл шығарылатын өнім номенклатурасын ұлғайтуға, қазақстандық шикізатты терең өңдеуге, сондай-ақ құзыреттерді арттырып, жаңа технологияларды игеруге мүмкіндік береді»,— деді Премьер-министр.
Осындай шарттарды жүзеге асыру кезінде жобаларды жүйелі түрде қолдауға, отандық және шетелдік инвесторлармен тікелей өзара іс-қимылға жауапты «Бәйтерек» инвестициялық холдингінің қаржылық құралдарын пайдалану қажет екені аталып өтілді.
Үкімет жетекшісі келесідей тапсырмалар берді: