Цифрлық серпіліс: Қазақстан QazTech бірыңғай әзірлеу платформасына көшті

11.08.2026 10:39

Өзге жүйелерді құруға мораторий енгізілді

qaztech.gov.kz

Президенттің жасанды интеллектіні енгізу және мемлекеттік қызметтер саласын өзгерту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда QazTech цифрлық өнімдерін әзірлеудің бірыңғай ортасына көшу жүзеге асырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейтін платформа жаңа сервистерді құру және пайдалануға беру мерзімін бірнеше жылдан бірнеше аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Үкімет қолданыстағы жүйелерді QazTech-ке көшіру жоспарын бекітті. Жұмыс жоспардан тыс қарқынмен жүргізілуде, жүйелердің бір бөлігі жаңа платформада толыққанды жұмыс істеп тұр, ал қалғандары аяқталу және әзірлеу сатысында. Бүгінде барлық мемлекеттік органдар QazTech платформасымен жұмыс істеп жатыр.

«Үкімет қолданыстағы жүйелерді QazTech-ке көшірудің екі жылдық жоспарын бекітті. Ағымдағы жылға 39 жүйені көшіру жоспарланған, оның 36-сы бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Тағы 25 жүйе – жоспардан тыс көшіру және әзірлеу сатысында, 10 жүйе платформада толыққанды жұмыс істеп тұр. Яғни жұмыс озық қарқынмен жүріп жатыр және бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдар QazTech-пен жұмыс істеуде», — деп баяндады вице-премьер.

Толық көрсету