ҚР елтаңбасы алтын металл бояумен боялған
Қазақстан Ұлттық банкі «Сақ стилі» жаңа сериясымен шыққан номиналы 10 000 теңгелік банкнотаның қорғаныш элементтері туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv банктің баспасөз қызметіне жасап.
Ұлттық банк хабарлауынша, номиналды құны 10 000 теңгелік жаңа банкноталар 2024 жылғы 28 маусымнан бастап айналымға енгізілген.
"Жаңа дизайндағы банкноталарды қабылдау немесе тапсыру кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда, төлемдер мен айырбастау операцияларын жүргізу үшін екінші деңгейлі банктердің бөлімшелеріне жүгінуді ұсынамыз. "Сақ стилі" жаңа сериясындағы өзге банкноталар 2026 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен айналымға түседі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ҚҰБ жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкнотаның негізгі қорғаныш элементтерін ұсынады. Нұсқаулық азаматтарға шынайы банкнотаны жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектеседі.
Ақша белгісінің қорғаныш элементтері туралы:
1. Алтын интаглио (бедерлі бейне)
ҚР елтаңбасы алтын металл бояумен боялған.
2. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі
Банкнотаның шеттерінде жанасудан жақсы сезілетін шығыңқы элементтер бар.
3. Екі түсті қорғаныш жібі
Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және күлгін түстердің динамикалық лүпілдеу әсері пайда болады.
4. Патч
«Барыс» артефактінің бейнесі. Банкнотаны аударған кезде тау шыңының және номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және сәулелердің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері пайда болады.
5. Түсі өзгермелі терезе
Терезедегi өтпелi жарықта тау шыңының сұлбасы алтын түстен көк түске езгередi.
6. Спарк
Артефакт түріндегі «аузында грифондары бар Барыстың басы» элементі. Банкнотаның бұрышы өзгерген кезде түсі алтыннан нефритке ауысады.
7. Иридисцентті бояу
Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бет жағында алтын түстес, ал сырт жағында күлгін түстес жылтыры бар элементтер пайда болады.
8. Жергілікті электротип сутамғы белгісі
Өтпелі жарықта номинал бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.
Оқи отырыңыз: Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нешінші орын иеленді