Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз
Тоқты
Егжей-тегжейіне дейін ескерілуге тиіс жұмыстарды сәтті аяқтайтын күн болмақ. Басқалар байқамай кетуі мүмкін жайттар сіздің назарыңыздан тыс қалмайтыны анық. Сүйіктіңізбен арадағы құмарлық сезімін қайтару, романтикаға қайта бой алдыру мүмкіндігі зор.
Торпақ
Жиналыс барысында әріптестеріңізбен талқылағыңыз келетін тезистеріңізді жазып, оның нәтижелерін қысқаша сипаттаңыз. Сол кезде іскерлік байланыс сіз үшін әлдеқайда өнімді болады. Ешқандай себепсіз өзіңізге сұлулық салонында күтім процедурасын сыйлаңыз, сіз оған лайықсыз.
Егіздер
Тазалық, апта бойы тамақ әзірлеу, супермаркетте сауда жасау - барлық үй шаруасы қанағат әкеледі. Бүгін жұмыс тапсырмаларыңызға ерекше жауапкершілікпен қараңыз: жұмысқа атүсті қарау мансабыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Шаян
Ескі досыңызға көңіл бөліңіз: бірге түскен ескі суреттерді жіберіңіз, өткенді еске түсіріңіз және жаңалықтарды талқылаңыз. Уақытты жақсы өткізетініңіз анық. Табиғатыңыздан көпшіл адам болмасаңыз да, бүгін сіздің көңіл-күйіңізді басқалармен сөйлесу көтереді.
Арыстан
Бүгінгі оқиғалардың басым бөлігі ойлағаныңыздан асып түседі және жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сәттілік серігіңз болады, сондықтан бұл уақытты пайдаланып, маңызды мәселелерді шешіңіз. Жұмыс поштаңызды қажетсіз хаттардан тазалауды ұмытпаңыз: осылайша пошта жәшігіңізден қажетті хат-хабарлар мен құжаттарды табу оңайырақ болады.
Бикеш
Бірге дүкен аралауға тамаша уақыт. Ұйқыңызды қалыпқа келтіруге тырысыңыз. Бұл сіздің күш-қуатыңызды арттырып, өміріңіздің сапасын айтарлықтай жақсартады.
Таразы
Бүгін өмірлік серігіңіз ретінде таңдаған адамыңызбен бірге болашаққа жоспарлар құруға таптырмас күн. Отбасыңызға жағымды тосын сый жасаңыз, бүгін отбасыңызға барынша көп уақыт пен көңіл бөліңіз.
Сарышаян
Бүгін жақын достардың кеңесіне құлақ асу өте маңызды. Сізге қамқорлық жасайтын адамдарға сенуден қорықпаңыз. Өзіңізді де, жақындарыңызды да қолайсыз ауа райында қолшатырсыз жүрмеуге үйретіңіз: бұл суық тигізудің алдын алады.
Мерген
Серіктеспен жағымсыз әңгіме туындаса, барынша шынайы болуға тырысыңыз. Әдепті болыңыз және өз сезімдеріңізді айта бермей, жақыныңызға қамқорлық танытыңыз. Жарақат алу қаупі жоғары. Бүгін жаттығулардан бас тартқан дұрыс, бас тартпаған жағдайда барынша сақ болыңыз.
Тауешкі
Егер сізде еш себепсіз алаңдаушылық сезімі пайда болса - қолыңыздан келетін шаруалар мен жасауыңыз керек жұмыстар тізімін жазып көріңіз. Бұл өміріңізді өз бақылауыңызда ұстауға мүмкіндік береді. Үйіңізде өсімдік өсіргіңіз келіп жүрсе, бүгін бұған оңтайлы күн болмақ. Суккуленттерді өсіріп көріңіз: кактустар мен хавортияларды өсіру қиынға соқпасы анық.
Суқұйғыш
Инновациялар арқылы көзқарас көкжиектеріңізді кеңейтіңіз, құнды дағдылар алып, жаңа одақтастармен танысыңыз. Екінші жартыңызбен бірге шеберлік сыныбына жазылыңыз бұл уақытыңызды тиімді әрі көңілді өткізуге мүмкіндік бермек және өз хоббиіңізді де тауып қалуыңыз бек мүмкін.
Балықтар
Жақын адамдарыңызбен өмірлік жоспарларыңызды талқылаңыз, соның арқасында қателіктердің алдын аласыз. Ақшаға қатысты мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз. Ешбір жағдайда смартфонға немесе компьютер экранына қараңғыда телмірмеңіз: бұл көру қабілетіңізге кері әсер етеді.
Дереккөз: NUR.KZ