|
13.09.2020 | 09:48
5503

Қыркүйектің 14-нен 20-на дейінгі денсаулық жұлдыз жорамалы

Денсаулығына алаңдап, оны жұлдыздармен бағамдап үйренгендер үшін біз келесі аптадағы барлық Үркер белгілеріне арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз

Қыркүйектің 14-нен 20-на дейінгі денсаулық жұлдыз жорамалы иллюстративное фото

Тоқты

Маңызды және нәтижелі кезең басталады. Сіз қазір өз денсаулығыңыз үшін көп нәрсе жасай аласыз. Жаттығу залына жазылыңыз. Ағзаңызды толықтай тексеруден өткізіңіз. Көп кешіктіре бермей тіс дәрігеріне көрініңіз.

Торпақ

Дәл қазір сізге ұйқыңыздың сапалы болу айрықша маңызды. Жайлы төсек, ыңғайлы жастық пен көрпе, жағымды әрі жайлы төсек жапқыштары - бұлардың бәрі сіз үшін өте маңызды, сондықтан сіз бұған барынша мән беруіңіз керек.

Егіздер

Сіздің жүйкеңіз әбден жұқарған - егер денсаулығыңызға ақау туғанын қаламасаңыз, жүйкеңізге түсетін жүктемені барынша азайтуға тырысу керек. Жұмбақтарды шешіп, басқатырғыштарды жинап, есте сақтау қабілетіңізді жаттықтыру пайдалы - мұндай «жаттығуларды» күнделікті орындауға тырысыңыз.

Шаян

Таяу күндері бұлшықеттеріңізге аздап жаттығу жасап, керіліп-созылғаныңыз өзіңізге жақсы болар еді. Жүзумен айналысу да өте пайдалы. Одан соң сіз үшін екінші кезекте жүгіру тұр; егер оны биге ауыстырғыңыз келсе  - вальс емес, жылдамырақ би болғаны дұрыс.

Арыстан

Жұлдыздар сіз үшін ең дұрыс жол - маманнан кеңес алу екендігін меңзейді. Мүмкін, дәрігер сіздің бойыңыздағыбарлық күдік-күмәндардан арылтып, сіздің дін аман екеніңізді айтатын болар. Бірақ басқа да нұсқа болуы мүмкін.

Бикеш

Осы аптада сізге тері күтіміне, оның ылғалдылығына ерекше мән беру қажет. Шөптерден және өсімдіктерден  алынған сығындыларды, қайнатпаларды, тұнбаларды қолданып  - халық медицинаның рецептілерін қарап шығыңыз, бәлкім сізді қызықтырып, шабыттандыратын бір нәрсе табылып қалар.

Таразы

Өзіңіз көптен бері ойлаған қадамға барудың уақыты келді. Жұлдыздар сіздің өзгеріске дайын екендігіңізге шүбә келтірмейді. Ең бастысы — асықпаңыз, аптықпаңыз. Егер сіз дәрігердің, жаттықтырушыңыздың немесе пікірлестеріңіздің қолдауына ие болып жатсаңыз, тіптен жақсы.

Сарышаян

Дүйсенбіде аяғыңыз өзіне мұқият көңіл бөлуді тілейді. Дененің осы бөлігіне қатысты әртүрлі емдік шаралар тиімділігін береді. Сәрсенбіде қатты иісі бар — парфюмерия, дәмдеуіш сияқты нәрселерден абай болыңыз.

Мерген

Осы аптадағы сіздің көңіл-күйіңіз өз ойыңыздағыдай болады — әлдебір жеріңіз ауырады немесе қысылады деп айтуға болмайды, сіздің ағзаңыз өз міндетін толықтай атқарып тұрады. Күнделік жазып көріңіз — күнделікті жұмыс тәртібі мен ас мәзірін жазып отырыңыз. Мұның өзі сізге әрдайым «биікте тұру» үшін режиміңізде қандай өзгерістер жасау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Тауешкі

Бір апта ішінде денсаулығыңызға шағымдана қоймайсыз. Сірә, сіз өзіңізді күшті әрі жігерлі сезінетін боласыз. Осы орайда жұлдыздар табиғат аясында белсенді демалуға немесе әдеттегі жағдайдан тыс өзіңізге физикалық белсенділікті арттыруға кеңес береді.

Суқұйғыш

Сіз үшін қазір ең басты нәрсе — көңіл-күйіңіздің төмендігі және қоршаған ортаға деген қызығушылықтың болмауы. Сұрқай күндер бойыңыздағы қуатты сорып алғандай болады — соның салдарынан сіз өмірге деген ынтаңыздың жетіспеушілігінен «диагнозсыз» ауыруға шалдығуыңыз мүмкін. Мұнан құтылудың жолы жүрегіңізді қозғап, көзіңіздегі ұшқынды тұтататын әлдебір сүйікті ісіңізбен айналысу.

Балықтар

Аптаны қалай бастасаңыз, солай болады. Егер сіз дүйсенбіде шамадан тыс жұмыс істеп шаршап қалсаңыз, демалыс күндері әбден қажып қалуыңыз мүмкін. Сізге ең пайдалысы өзіңізге демалыс күнін жариялау.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир