Кімдерді жағымды жаңалық күтеді
Тоқты
Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, алаңдамаңыз: бұл уақытша құбылыс. Дәрумендер ішіңіз, лимон қосылған шай ішіңіз. Денсаулығыңызға көңіл бөлетін күн.
Торпақ
Торпақтар үшін бүгін үй шаруасымен айналысатын күн. Өзіңізге сапалы тұрмыстық химия сатып алыңыз, бұл үйді жинау кезінде жұмысыңызды айтарлықтай жеңілдетеді. Бүгін өмірлік серігіңізбен болашаққа жоспар құрыңыз.
Егіздер
Қарым-қатынаста жағымды әсерге бөленетін күн. Жақындарыңызбен демалысты тамаша өткізуге зор мүмкіндік туады. Күзгі бақта серуендеп, таза ауда уақыт өткізіңіз. Үйде жағымсыз естеліктер шақыратын заттардан арылыңыз. Осылайша айналаңыздағы кеңістікті жағымды эмоциялар үшін тазартасыз және бұл қадамыңызға еш өкінбейсіз.
Шаян
Көңіл-күйіңіз болмаса, қысқа әрі қарқынды физикалық жаттығулар жасап көріңіз: ғаламтордан физикалық жаттығуға қатысты он минуттық бейнеролик таңдап, энергияны сыртқа шығарыңыз. Бұл уақытты тиімді өткізуге әрі көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Әр нәрсені байыппен шешуге тырысыңыз. Қателік жібермес үшін, жауапкершілікке баса мән беріңіз.
Арыстан
Жоспар құрыңыз, оларды отбасыңызбен талқылаңыз, бірге әрекет етіңіз. Кешті бірге фильм көру немесе ойын ойнап жақсы көңіл күйде өткізіңіз. Қарым-қатынаста өз тілектеріңізді айтуда батыл болыңыз - серіктесіңіз сізді тыңдауға дайын.
Бикеш
Бүгін уақытыңызды бөліп, дене бітіміңіздің барлық артықшылығын көрсететін ыңғайлы әрі әдемі киім сатып алыңыз. Дүкендегі кеңесшілердің көмегіне жүгініңіз. Бұл өзіңізге жасаған сыйлық деп есептеңіз. Өзіңізді жақсы көретініңізді іспен дәлелдеңіз. Осы уақытқа дейін армандап жүрген заттарыңызды да сатып алуға жайлы күн. Сіз жақсы киінуге лайықсыз.
Таразы
Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз. Ойламаған жерден кездесу болып жүрегіңізге шаттық сыйлайтын адаммен жолығасыз.
Сарышаян
Сарышаян үшін бүгін сәттілікке толы күн. Қолыңыздан келмей жүрген шаруаларды еске түсіріп, тағы бір байқап көріңіз, осы жолы бәрі ойыңыздағыдай болады. Жылжымайтын мүлік және жөндеу жүргізу мәселелерін қолға алыңыз, бәрі сәтімен орындалады.
Мерген
Ауа райына сай киінуге тырысыңыз. Күзгі маусымда денсаулығыңызға мән беріңіз. Ешкімге өкпелемеңіз, кек сақтамаңыз. Серігіңізге барлық өкпеңізді ашық айтып, еш ашу-ызасыз түсіндіріңіз.Ол сізді міндетті түрде қолдайды.
Тауешкі
Бүгін тауешкі үшін тынығып, демалатын күн. Онсыз да белсенді өмір сізді қажытып жүр. Кем дегенде бір апта бойы күніне 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз. Демалыста үйде отырып, жақсы фильм қараңыз. Достарыңызды да ұмытпаңыз. Қоңырау шалып жағдайын сұрап қойған артық етпейді.
Суқұйғыш
Таңғы уақыт нәтижелі болмақ. Бұған дейін шешімі табылмай келген мәселелерді қолға аласыз. Көптен бері істегіңіз келмей жүрген жұмыстарды реттеңіз. Күздік жылы киімдерді шығарып, шкафты ретке келтіріңіз. Тәтті тағамдар әзірлеңіз.
Балықтар
Балықтар үшін жексенбі жағымды жаңалыққа толы болады. Өзіңізбен пікірлес адамдарды тауып, олармен біріге аласыз. Жұмысыңызда елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Танымайтын адамдардан абай болыңыз.Оларға ашылып сыр айтпаңыз.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 16-22 қазан аралығындағы ауа райы болжамы