2023 жыл кімдер үшін табысты болады

03.01.2023 17:47

Белгілі астролог Александра Горбунова 2023 жылы зодиак белгілерін не күтіп тұрғанын болжады

diapazon.kz

Келіп жеткен қоян жылы кімдерге сәттілік әкеледі? Кімдердің айы оңынан туып, жұлдызы жарқырайды? Белгілі астролог Александра Горбунова 2023 жылы зодиак белгілерін не күтіп тұрғанын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Тоқты

2023 жыл Тоқтылар үшін тосын сыйға толы болмақ, олардан тек барынша белсенді болу талап етіледі. Биыл Тоқтыларға барлық жол ашық. Авантюраға түсуге, сүйіктісімен көңіл жарастыруға, саяхатқа шығуға болады. Әсіресе мамыр-маусым айларына жоспарланған саяхаттан естен кетпес ерекше әсер аласыз.

2023 жыл – ескіні жаңамен алмастыратын уақыт, жаңа істерге бет бұрасыз, қоғамдағы орныңыз нығая түседі.

Сонымен қатар, көктемде дені сау ұрпақ әкелуге қолайлы кезең. Ашу-ызаға ерік бермей, эмоцияны жеңсеңіз, жақын адамыңызбен немесе туысыңызбен достығыңыз үзілмейді.

Ақша сізді жақсы көреді, әсіресе жылдың бірінші жартыжылдығында қалтаңыз қалыңдайды.

Торпақ

Қоян жылы Торпақтардың өміріне біраз өзгеріс әкеледі. Қалыпты өмір салты өзгереді, қоныс аударып, жөндеу жұмыстарын жүргізуіңіз мүмкін, қызметіңізде жаңа бағыттар ашылады.

Торпақтарға үнемі қозғалыс қажет, бір орында тұрса, денсаулығымен проблема болуы мүмкін. Бұл зодиак белгісі үшін көктемнің соңында маңызды кезең басталады. Неке тақырыбы өте жиі қозғалады.

2023 жылдың соңында келешегі зор жобаны жүзеге асыруға бел буады. Торпақтар биыл өз талантына аса мән беріп, өз-өзін жетілдіріп, дамытады, денсаулығына көңіл бөледі. Бірнеше істі қатар алып жүреді, кәсібінің тасы өрге домалайды.

Бұрын тұралап қалған істер биыл алға жылжиды. Жаз айларында Торпақтар өз-өзіне көңілі толып, масаттанады. Жаздың соңында күтпеген жерден ақша түсуі мүмкін.

Егіздер

Егіздерді алдағы үш айда қауырт жұмыс күтіп тұр. Бұл зодиак белгісіне жататын адамдар алдына өте көп міндет қояды. Алайда оларға кідіре тұруға кеңес береміз. Қызметтегі әріптестермен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Ауыр жүк арқаламаңыз, бас тартып үйренген жөн. Кредиторлармен абай болыңыз, мүмкіндігіңізді асыра бағалау қатері бар. Күмәнді ұсыныстарға бірден келіспей, ақылға салып, ойланған абзал. Оңай жолмен ақша табуға болады, бірақ тексерілген схемалар арқылы ғана.

Сондай-ақ мамыр-маусым және күзде көлік жүргізгенде аса сақ болыңыз. Қыркүйек пен қазан айларында қомақты инвестиция құймаңыз.

Егіздерге кедергі келтіретін дүниенің бәрі – сіздің басыңызда. Көктемде егіздер өзін сенімдірек сезіне бастайды. Күз мезгілінде айналадағы адамдармен ара қатынасыңызға сызат түсуі мүмкін.

Шаян

Шаяндар үшін алғашқы 3-4 ай – маңызды шешімдер кезеңі. Өміріңізге оң өзгерістер келу үшін бір ғана шешім жеткілікті. Басқалары үшін шешім қабылдамаңыз, әйтпесе опық жейсіз.

Жылдың ортасында шығармашылық әлеуетіңіз ашылып, жаңа жобаларға қызығушылық оянады. Маусым мен қыркүйек аралығы өміріңіздегі жарқын кезеңдердің бірі болады. Мамыр, маусым және шілдеде табандылық көрсетуге тура келеді. Ешкімге арқа сүйеуге, үміттенуге болмайды.

Жақын адамдармен, туысқандармен арада түсініспеушілік туындауы мүмкін, біреулер өз пайдасын ойлауы ықтимал. Бұл кезде ең алдымен өзің жайлы ойлап, оңайлықпен бас тарту қажет. Жылдың соңында және маусымда қаржылық шығын күтіп тұр. Алайда бұл Шаяндар үшін ұсақ-түйек саналады.

Жазда отбасына, жақын туысқандарға көмегіңіз қажет болады. Жылдың екінші жартысында сүйікті адамыңызды кездестіруіңіз немесе бала сүюіңіз мүмкін. Бұған қоса, жазда жеке бизнесті ашуға қолайлы кезең.

Арыстан

Арыстандар үшін 2023 жылы жаңа үйге көшу, басқа қалаға немесе елге қоныс аудару мәселе өте өзекті болады. Егер қандай да бір сот процесі жалғасып жатса, биыл ол сіздің пайдаңызға аяқталуы ықтимал.

Әсіресе шілденің соңында туған Арыстандарды түбегейлі өзгерістер күтіп тұр – қызметі ауысады немесе жұмысына инновация енгізеді. Тамыздың ортасында дүниеге келген Арыстандар өмірге оптимистік көзқараспен қарайды, отбасымен және ағайын-туыспен жақын қарым-қатынаста болады. Оқуға, практикаға, жалпы тың дүниеге ден қояды. Биыл айналаңызда жүрген адамдардың бірінің шын бет-бейнесі ашылуы мүмкін.

Егер саяхаттағанды ұнатсаңыз, шілденің ортасынан қыркүйектің ортасына дейінгі аралықта міндетті түрде саяхат жасаңыз. Осы жылы сізге ақыл-кеңес айтатын жандар көбейеді, бірақ шешімді өз бетінше қабылдауға тырысыңыз. Жылдың екінші жартысында тиімді ұсыныстар түсуі мүмкін, табысыңыз артады.

Бикеш

2023 жылы Бикештерде көздегеніне қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ең бастысы, Бикеш өзі не қалайтынын анық білуі керек. Бұрыннан түйіні тарқамай келе жатқан мәселенің шешімі табылуы мүмкін. Іштей тежеген дүние өзектілігін жоғалтады. Алға үлкен мақсаттар қоясыз, азға қанағат етпейсіз.

2022 жылы не ексең, 2023 жылы соны орасың. Жылжымайтын мүлікті тиімді сатып алуға болады, қызметіңіз жоғарылайды деген болжам бар. Серіктестерден өте қызықты ұсыныс түседі. Егер бойдақ болсаңыз, жан сырыңызды ашатын адамды кездестіресіз. Бикештердің айы оңынан туады, сондықтан ойлаған армандарға қол жеткізу үшін аянып қалмаңыз.

Биыл Бикештердің өмірінде біраз нәрсе тұрақталады, әсіресе қаржы жағы. Өзіңізді көбірек еркелетіңіз.

Таразы

Таразылардың энергиясы пікірлестерімен байланысқа, жаңа таныстық орнатуға, тиімді серіктестікке бағытталған. Биыл сіз еркінірек бола түсесіз. Басқа жаққа көшіп немесе үй сатып алуыңыз мүмкін, кредиттерден құтылуыңыз мүмкін. Сатурн үлкен мақсатқа қол жеткізіп, бәрін жүйелеуге, тәртіпке келтіруге көмектеседі. Күтіп жүрген ақшаңыз түседі.

Қоян жылы – әділетті жыл, әділдік салтанат құрады. 2023 жылы өте белсенді боласыз, жылды түбегейлі жаңаша өткізесіз. Жылдың екінші жартысында сырт келбетті өзгерту ойы туады. Бұл жаттығу немесе ота болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, серіктестік қарым-қатынас нығаяды, өзара көмек, тиімді жұмыс жақсарады.

Сарышаян

Сарышаяндар табиғатынан табанды келеді, бірақ биыл бұл қасиет көп байқалмайды. Бұрыннан жалғасып келе жатқан қандай да бір жағдай сізге маза бермейді, өсіп-дамуыңызға кедергі келтіреді. Бәлкім, мұны шешетін кез келген шығар, шешім қабылдаудан қашпаңыз.

Ақпан – наурыз айларында жан-дүниеңізге жиі үңілесіз, жеке өміріңізде, карьерада оң өзгерістер болу үшін жақсы мүмкіндіктерден қапы қалуыңыз мүмкін. Қыс айларында керексіз заттардан арылып, жөндеу жұмыстарын аяқтап, қателіктермен жұмыс істеген дұрыс. Шілде-тамыз және қараша айларында жаңа мүмкіндіктерге ашық боласыз. Көктемде және күзде ғашықтық, сүйіспеншілік сезімдерін бастан кешуіңіз мүмкін. Сүйіктіңізден үнемі күмәнданасыз, сенімге сызат түседі.

Шамадан тыс арқалаған жүктен арылыңыз. Қоян жылы Сарышаяндарды мол табыс, жоғары қызмет, саяхат, оқу, еркіндік күтіп тұр.

Жазда көптен күткен адаммен кездесуіңіз ықтимал. Интернет арқылы жаңа адамдармен, соның ішінде шетелдіктермен танысуға болады. Аян беретін түстер көресіз, ішкі түйсікке құлақ асыңыз. Жыл соңында жұмыстағы әріптесіңізбен көңіл жарастыруыңыз мүмкін.

Мерген

Биыл Мергендер жақсы табыс табады, сапалы, маңызы бар дүние сатып алады. Қоян жылы қаржылық мүмкіндіктер көбейеді, жалқау адам ғана өз тұрмысын жақсартпайды. Егер жұмыс істеуді армандап жүрген бір компания болса, сәуірде, тамызда немесе қарашада міндетті түрде сол компанияға резюме жіберіңіз.

2023 жылы сіз үшін өте маңызды кезең аяқталады, өкінбеңіз. Көлік жүргізе алмайтын Мергендер осы жылы курсқа жазылады, қаржылық сауаттылығын арттырады, шет тілдерін меңгереді. Көбі ұзақ мерзімге алыс шет елдерге саяхаттайды.

Бұдан бөлек, биыл сіздің айналаңызда бизнесті кеңейтуге түрткі болатын өте маңызды адам пайда болады. Күзге қарай өте маңызды жобаны қолға аласыз. Мергендердің көбі кең пәтер, жылжымайтын мүлік, жер сатып алу, үй салу, саяжай алу туралы ойланады. Мұның бәрін жаз мезгілінде жүзеге асыруға болады.

Қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасында туғандар көпшіліктің ілтипатына бөленіп, марапат алады.

Тауешкі

2023 жылдың алғашқы үш айы Тауешкілер өз өмірін оңай жоспарлай алады. Жоспар ойдағыдай орындалады. Бірақ содан кейін жоспарлау қиынға соғады, басқаша өмір сүруге үйренуге тура келеді. Тауешкілердің көбі рухани, құпия білімге ұмтылады, жан жарасын емдейді, психологтардың бағыт-бағдарына жүгінеді, жан-дүниесін гармонияға әкелуге тырысады.

Компанияда қызмет ететіндер өздерін жақсы қырынан танытып, жаңа лауазымға тағайындалуы мүмкін. Немесе іссапарлар көбейіп, біліктілікті арттыру курстарына қатысасыз. Ал кәсібі барлар жылдың екінші жартысында бизнесін кеңейтеді. Әлеуметтік желілерде бизнесті жарнама арқылы дамытуға өте сәтті кезең. Құрылысы аяқталмаған жылжымайтын мүлікке инвестиция құйғанда абай болыңыз.

Сізге оғаш көрінсе де, интернетте теңіңізбен танысуыңыз әбден мүмкін.

2023 жылы қаржы жағы айтарлықтай тұрақты. Тек жылдың ортасында аздаған қаржылық шығын болжанып отыр. Ертең өкініп, опық жемеу үшін мұқият ойланыңыз. Салық органдарымен проблема болмас үшін салық есептілігіне мән беріңіз. Тауешкілер өз организміне көңіл бөліп, психоэмоционалдық жағдайын қалпына келтіреді. 1 наурыз бен 1 маусым аралығында көңіл-күй жиі құбылады.

2023 жыл – саяхат жылы, жақсы демалыс жасауға мүмкіндік бар. Бірақ қауіпті спорт түрлеріне әуес болмаңыз, жарақат алып, аяқ-қолын сындырып алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ Тауешкілер көктемде ессіз ғашық болып қалуы мүмкін.

Балықтар

2023 жылы Балықтарда сенімділік пайда болады, көп нәрсе қолынан келеді. Кейде олар өмірдің ащы шындығынан гөрі тәтті өтірігін құп көреді, бірақ қашанда реалист болған дұрыс.

Қоян жылы Балықтарға сәттілік серік болады, сол себепті лотерея билетін сатып алуға болады. Мамырдан қыркүйекке дейінгі аралықта теңізде демалуға кеңес береміз.

Бала сүйгісі келген Балықтар болса, наурызда мүмкіндік бар. Шығармашылыққа назары ауады, жаңа таланттар ашылады. Отбасыңыз жаңа адамдармен толығады. Жаңа статус – әже, келін, қалыңдық атануыңыз мүмкін. Өз ақшаңыз бен жиған-тергеніңізге мұқият болыңыз, ақша айналымда болған дұрыс немесе мүлікке инвестиция құйыңыз. Жылдың екінші жартысында пәтер сатып алуға немесе көшуге қолайлы кезең. Кәсіби қызметіңізде табысқа қол жеткізесіз.

Суқұйғыш

2023 жылы Суқұйғыштарда отбасы тақырыбы өте өзекті болады. Көбі қыз бен жігіт болып кездесе бастайды, тұрмыс құрады, үйленеді, сәби сүйеді. Енді бірі сырт келбетімен эксперимент жасауды қалайды, әдеттегі ас мәзірін өзгертеді.

Үлкен топтардан оқшауланып, оңаша қалуға тырысады. Тек жанына жақын адамдармен ғана араласады. Көбі жөндеу жұмыстарына, дизайнерлік жобаларға кіріседі, жиһаз, тұрмыстық техника, өз пәтері мен арманындағы үйін сатып алуға әрекет жасайды.

Жаз уақытында Суқұйғыштар табиғат аясына жиі шығады. Жаңа табыс көздерін іздейді, таланттарын ашады. Биыл сату саласында жолыңыз болады. Бизнес ашуға қолайлы жыл, бастысы оны серіктестермен, командамен құрған жөн.

Жылдың ортасынан бастап сізге үйреншікті емес салмақ, жаңа жауапкершілік түседі. Өзгерістен бас тартпаңыз. Жылдың екінші жартысында ақша үнемдеуге көшесіз, бірақ көп үнемдеген сайын, ақшаңыз азая береді.