Неге ақшаңыздың басы құралмайтынын және қалай дұрыс басқаруға болатынын біліңіз
Аяқ асты қиын жағдай туғанда қаражатсыз қалмау үшін «қаржылық қауіпсіздік жастығы» әркімге керек-ақ. Алайда, кірісін шығыстан артық ету, жалақының бас-аяғын бір-біріне жалғау екінің бірінің қолынан келмейді. Ол табыстың аздығынан емес, орынды үнемдей алмау, ақшаны дұрыс басқармаудан. Әрине, ол үшін қаржылық сауат керек. Алайда біреуге пайдалы болған әдіс-тәсілдердің екінші біреуге еш көмегі тимейтіні де бар. Бұл тұста әркім өзіне лайық айрықша амалдарға жүгінгені жөн. Тап сізге қандай тәсіл тиімдірек болатынын астрологтар айтады.
ОТ БЕЛГІЛЕРІ: Арыстан, Тоқты, Мерген - От белгілері әр күнін соңғы күн сияқты сүреді. Сондықтан ертеңге ештеңе сақтамайды, қажеттіден артық ақша жұмсайды. Сонымен қатар, өздерін шектеуді білмейді, өйткені өзін ең жақсыға лайық деп санайды. Бұл позиция көбіне олардың пайдасына емес, қарсы жұмыс істейді. Ай соңына жеткенше қалтасы қағылып, қарапайым қажеттіліктердің өзіне жеткізе алмай жатады. Оларға үнемдеуге көмектесетін ең жақсы әдіс – ақшаны конвертте сақтау. Бір айлық барлық шығындарды тізіп жазу керек. Жалақыңыз қолға тигенде осы тізім бойынша бөліп, әрқайсын жеке конвертке салу керек. Уақыты келгенде конверттен алып төлей бересіз. Тізімдегіден артылған ақшаға (мейлі, ол жүз теңге, мың теңге болсын) да бір конверт арнап, соған салыңыз. Мүлде артылмайды десеңіз, шығындарыңызды қайта қарап, мүмкіндігінше қысқартыңыз. Қысқарту амалы міндетті түрде табылады. Әр айлық табыстан қалған ақшаны осы конвертке әкеп қоса бересіз. Күнделікті шығындарға арналған конверттен әр күні қажетті соманы ғана қалтаңызға салып әкетіңіз. Бұл әдіс жұмыс істейді. Өйткені От белгісінің өкілдері қаражатты физикалық түрде сезінбеген кезде суша жұмсап жібереді. Ал қолма-қол ұстаса және ол ақшаны үйде, аузы жабық жерде сақтаса, мұндай мәселе туындамайды.
ЖЕР БЕЛГІЛЕРІ: Торпақ, Бикеш, Тауешкі - олардың әлсіздіктері – шопинг. Табысының басым көпшілігін стильді киімге, бренд бұйымға, сапалы әрі бағалы аяқкиімге жұмсайды. Олар ұзақ уақыт қызмет етеді деп санайды. Алайда, ұзақ уақыт бойы бір киім-бұйыммен жүргенді ұнатпайды. Салдарынан үсті-үстіне алып, шкафты толтыра береді. Бірақ, қаржыдан қысылғанда мұндай жинақ құтқармайды. Астрологтар өзі қолданбайтын, алайда сапасы мен сыны бұзылмаған бұйымдарды сатып, ақшаға айналдырып қоюды ұсынады. Ал сауда-саттық жасарда мың ойланып, он толғану керек дейді. Ұзақ ойланғанда және арада біраз уақыт өткенде көздегенін сатып алудан мүлде айнып қалуы әбден мүмкін. Тағы бір амал – көңіліндегі затты алуға кететін ақшаны бірден қаржы жинағына қосып, ал дүкен сөресіндегі бұйымды сол күйі естен шығаруға болады. Осылайша кезекті бір басы артық затқа жұмсалғалы тұрған ақшаны сақтап қалуға болады екен.
АУА БЕЛГІЛЕРІ: Егіздер, Таразы, Суқұйғыш - бұл белгілер ақша мәселесіне келгенде жауапсыздау. Қанша жұмсағанын және айлық шығынды есептеуді ұнатпайды. Ал ақша қалай болса солай жұмсалуды жақсы көрмейді, берекесі қашады. Мұндай әдетпен қанша көп табыс тапса да, қаржылық қауіпсіздікті қамдау мүмкін емес. Астрологтар Ауа белгілеріне ақша есебін жасауға арнайы күндерді белгілеп, нақты уақыт бөлу керегін айтады. Кітапша мен қалам арнап қою да артық болмайды. Бұл ақша есебін жасаудың маңыздылығын түсінуге және сақтауға көмектеседі. Белгіленген уақытта басқа шаруаны жиып қойып, арнайы кітапшаға ерінбестен шығындардың есебін, қаржылық жоспарларды, т.б. жазу міндетті. Мұны жасау үшін айдың ортасы мен соңы өте қолайлы.
СУ БЕЛГІЛЕРІ: Шаян, Сарышаян, Балықтар - олар қаржыны эмоция алудың құралы санайды. Жағымды эмоция алу үшін көңілі қалаған нәрседен аямайды. Ол киім-бұйым, қымбат әшекей, дәмді тамақ не саяхат, т.б. болуы мүкін. Әркімнің қалауы әртүрлі. Астрологтар бұл белгілерді асығыс сауда-саттық жасамауға шақырады. Әлбетте, жағымды эмоция да керек. Алайда, үнемі емес. Кей нәрселерді сатып алу үшін қандай эмоция сыйлайтынын емес, қандай пайдасы барын саралап-салмақтау керек. Онлайн-саудадан сақ болыңыз. Оларды эмоция жетегінде сатып алу өте тез. Тым болмағанда, онлайн-кәрзеңкеге салып қойып, бірнеше күн ойланыңыз. Келесі күндері эмоциялық аштық басылғанда бұл заттың қажеті шамалы екенін түсінсеңіз, қайта өшіріп тастай саласыз.
Дереккөз: ERNUR.KZ