Өзіңізге уақыт бөліңіз: 7 наурызға арналған жұлдыз жорамал

07.03.2026 11:19

Сондай-ақ телефонды аз пайдаланған дұрыс

Depositphotos.com

7-8 наурыздағы демалыс күндері көптеген жұлдыз белгілеріне оптимизм мен жан дүние үйлесімін сыйлайды. Кейбіреулер үшін бұл уақыт кездесулер мен күтпеген жоспарға толы болады. Ал енді біреулер жұмыс аптасынан кейін тынығып, тыныштық табады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тоқты

Демалыс күндері белсенді өтеді. Сенбіде өмірге көзқарасыңыз бен әзіл-қалжыңыңыз ұқсас адамды кездестіруіңіз мүмкін. Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста бір-біріңізді мұқият тыңдаған жөн.
Жексенбі – белсенді әрекетке қолайлы күн. Күнделікті шаруаларды кейінге қалдырып, шағын сапарға шығуға, серуендеуге немесе спортпен айналысуға болады. Бұл сізге шаршауды басуға көмектеседі. Сондай-ақ телефонды аз пайдаланған дұрыс.

Торпақ

Торпақтар бұл күндері тыныштық пен жайлылықты қалайды. Сенбіде үйіңіз бен отбасыңызға уақыт бөлген жөн. Үйде бір нәрсені өзгерткіңіз келуі мүмкін: жиһаздың орнын ауыстыру немесе кеңістікті ретке келтіру, т.б. Қарым-қатынаста нәзік болып, жұбыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Жақындарыңыздың біріне қолдау қажет болуы мүмкін. Жексенбі – ойлану мен демалуға арналған уақыт.

Егіздер

Егіздерді демалыс күндері көптеген әңгіме мен кездесулер күтеді. Қарым-қатынас қызықты өтіп, түрлі жаңа ой естисіз. Махаббатта жеңілдік пен әзіл басым болады. Біреу сізге ойлануға себеп болатын ақпарат беруі мүмкін. Жексенбі сәл тыныш өтеді. Бұл – келесі аптаға жоспар құруға қолайлы уақыт. Идеяларыңызды жазып қойған дұрыс.

Шаян

Шаяндар бұл күндері жақын адамдарымен қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөледі. Сенбіде үйде уақыт өткізіп, тамақ дайындап, бірге фильм көріп немесе сүйіктіңізбен әңгімелескіңіз келуі мүмкін. Бұл сізге жағымды эмоция сыйлайды. Махаббатта ашық әрі шынайы болыңыз – көп нәрсе айқындалады. Жексенбі демалуға қолайлы. Жалғыз қалып, кейінге қалдырған жоспарларыңызды ой елегінен өткізіңіз.

Арыстан

Арыстандар демалыс күндері күш-қуатқа толы болады. Сенбі – адамдармен араласып, түрлі іс-шараларға қатысуға қолайлы. Махаббатта жеңіл флирт пен жайлы атмосфера болуы мүмкін. Біреу сізге қызығушылық танытып, идеяларыңызды бағалауы ықтимал. Жексенбі тыныш әрі асықпай өтеді. Серуендеп немесе дене белсенділігімен айналысқан пайдалы.

Бикеш

Бикештер демалыста күтпеген, спонтанды әрекеттерді қалайды. Сенбіде сізді кездесуге шақыруы немесе серуенге шығуыңыз мүмкін. Қарым-қатынаста бәрін бақылауға тырыспай, еркін болыңыз. Жексенбіде күшіңізді қалпына келтіресіз. Кітап оқу, серуендеу немесе сүйікті музыка тыңдау сияқты тыныш істерге қолайлы күн. Соңғы жетістіктеріңізді бағалаңыз.

Таразы

Таразылар бұл демалыста үйлесім мен жағымды атмосфераны қалайды. Сенбіде киноға, концертке немесе көңіл-күйіңізді көтеретін басқа да шараларға барған дұрыс. Махаббатта романтика көп болады. Біреу сізге жақсы ұсыныс жасауы мүмкін. Жексенбі тыныш өтеді. Өзіңізге уақыт бөліңіз.

Сарышаян

Сарышаяндар бір мәселені анықтап алғысы келеді. Сенбіде ұзақ уақыт кейінге қалдырған істі шешуіңіз мүмкін. Батыл болыңыз. Махаббатта эмоциялар күшейеді. Жексенбі тыныштық пен күш жинауға арналған. Серуендеу көңіл-күйіңізді көтеріп, энергия береді.

Мерген

Мергендер қозғалып, жағдайды өзгертуге деген құлшынысты сезінеді. Сенбі – қысқа сапарға шығуға, жорыққа баруға немесе жаңа жерлерді зерттеуге қолайлы. Өз идеяларыңызды қуана бөлісесіз. Қарым-қатынаста еркіндік пен көңілді атмосфера орнайды. Жексенбі тыныштау өтіп, ойлануға жақсы мүмкіндік береді.

Тауешкі

Тауешкілер демалыс күндері практикалық мәселелерге көңіл бөледі. Сенбіде отбасыңызбен уақыт өткізіңіз немесе сенетін адаммен әңгімелесіңіз. Біреу маңызды мәселе бойынша сізден кеңес сұрауы мүмкін. Қарым-қатынаста тұрақтылық сақталады. Жексенбі – демалып, асықпайтын күн. Кітап оқып немесе ұзақ серуендеген пайдалы.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар демалыста шығармашылық идеяларға толы болады. Сенбіде пікірлес адамды кездестіруіңіз мүмкін. Әңгімелер шабыт беріп, жаңа ойларға жетелейді. Махаббатта еркіндік пен ашықтыққа деген қажеттілік артады. Жексенбі тыныш істер мен ойлануға арналған.

Балықтар

Балықтар бұл демалыста өз сезімдеріне көбірек құлақ асады. Сенбіде өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз: музыка, өнер немесе табиғатта серуендеу. Сүйіктіңізбен қарым-қатынас жылы әрі романтикалық болады. Біреу сізге кішкентай, бірақ өте мейірімді ишара жасауы мүмкін. Жексенбі – ойлану мен ішкі тыныштыққа арналған уақыт. Соңғы оқиғаларды жақсы түсіну үшін ішкі түйсігіңізге сеніңіз.

Оқи отырыңыз: Демалыс күндері ұйқыны қандырып ұйықтау пайдалы ма