Жаңа мүмкіндіктер мен сәтті күндер: қаңтарға арналған жұлдызнама

02.01.2026 11:17

Тағдырдың сыйынан бас тартпаңыз, сезіміңізді тыңдаңыз

Depositphotos.com

Жаңа жыл – әр адамның өміріндегі жаңа тарау. Желтоқсан айында біз болашаққа жоспар құрып, мақсат қоямыз, арманымызға асығамыз. 3 қаңтардағы толық ай бізді жаңаруға шақырып, өткен уайымдарды ұмытып, жаңа жылдың энергиясын сезінуге мүмкіндік береді. 

Төменде Шығыс күнтізбесіндегі 12 жұлдызнама белгісінің болжамы келтірілген:

Тышқан (1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008, 2020)

Айды үйден алыс өткізіңіз – саяхатқа шығыңыз немесе қонаққа барыңыз. Жұмыста талантыңызды көрсетуге көп мүмкіндік бар. Қарым-қатынаста болсаңыз, сүйіктіңіз тосынсыйлармен қуантыңыз. Жұбын таппаған жандар жаңа таныстықтарға ашық болсын.

Бақытты күн: 2 қаңтар

Сиыр (1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009, 2021)

Жаңа жыл жұмыстан басталады – көп жоба күтіп тұр. Ай ортасынан бастап қызықты сәттер болуы мүмкін. Жұбы жоқ жандар ұзақ уақыттан бері сезім білдіріп жүрген адамға назар аударыңыз.

Бақытты күн: 14 қаңтар

Барыс (1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010, 2022)

Сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізуге ұмтыласыз. Мансапта сәл шиеленіс болуы мүмкін, бірақ бәрі жақсы өтеді. Жұбы жоқ жандар маңызды қарым-қатынасты ойластыруы керек.

Бақытты күн: 20 қаңтар

Қоян (1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011, 2023)

Үй шаруасына көңіл бөліңіз, шағын жөндеу жасаңыз. Ғашық болсаңыз, қарым-қатынасты тұрақтандырыңыз. Жұбы жоқ жандар өз қадір-қасиетін ұмытпауы керек.

Бақытты күн: 15 қаңтар

Ұлу (1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)

Мерекеден кейін жұмысты белсенді бастаңыз. Энергияңыз бен интуицияңыз шыңында болады, оны шығармашылық жобаларға арнаңыз. Қаржыға абай болыңыз, шығынды азайтыңыз. Ай ортасында шағын саяхат жасап, сүйіктіңізге көңіл бөліңіз. Жұбы жоқ жандар лайықты серіктек табуы мүмкін.

Бақытты күн: 11 қаңтар

Жылан (1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)

Жаңа жыл – жаңа Сіз. Орныңызды өзгертіңіз немесе жаңа мамандық ойластырыңыз. Жұмыста шығармашылық істер күтіп тұр. Ай ортасында сезіміңізді ашық білдіріп, қарым-қатынастың ырғағын белгілеңіз.

Бақытты күн: 4 қаңтар

Жылқы (1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014)

Жұмыста өсу кезеңін бастаңыз. Маңызды мақсаттарға жетуде күш-қуат пайда болады. Мерекеден кейін әшекейлерді алып тастап, жаңаруға дайын болыңыз. Қарым-қатынастағылар тұрақты кезеңді бастайды, Жұбы жоқ жандар өзіне деген айрықша қызығушылықты сезінеді. Серіктек болуға тырысыңыз.

Бақытты күн: 22 қаңтар

Қой (1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)

Жаңа жыл белсенді басталады – достармен кездесіңіз, спорттық немесе мини-саяхатқа шығыңыз. Жаңа адамдармен танысып, сенімді достар табыңыз. Мансапта пайдалы жобаларды қабылдаңыз. Ай ортасында сүйіктіңіз қызықты ұсыныс жасай алады, Жұбы жоқ жандар шығармашылық ортада сенімді серіктес табуы мүмкін.

Бақытты күн: 27 қаңтар

Мешін (1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)

Өміріңізді бақылауға алыңыз, жұмыс орнында өзіңізді белсенді көрсетіңіз. Қарым-қатынаста бірдеңе ұнамай жатса, айдың басында ашық айтыңыз. Жұбы жоқ жандар ақылмен серіктек таңдасын.

Бақытты күн: 8 қаңтар

Тауық (1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017)

Өзіңізге көңіл бөліңіз: саяхат, концерт, достармен кездесу күтіп тұр. Мансапта тосын жетістік күтіп тұр. Сүйіктіңізге назар аударыңыз, Жұбы жоқ жандарға қызықты танысулар болады.

Бақытты күн: 19 қаңтар

Ит (1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)

Қаржылық тұрақтылық айқын. Қарым-қатынасты жаңартыңыз – сапар немесе қызықты кездесулер күтіп тұр. Жақын достарыңыздан көмек сұраңыз.

Бақытты күн: 29 қаңтар

Доңыз (1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019)

Позитивті ойлаңыз, сарыуайымға уақыт жоғалтпаңыз. Жұмысты реттеп, еңбегіңізге сыйақы алыңыз. Махаббатта тыныш, қуанышты ай болады.


Бақытты күн: 24 қаңтар

Дереккөз: marieclaire.ru

Оқи отырыңыз: Күн белсенділігі: 2026 жылдың қаңтарында магниттік дауылдар қашан болады