Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін. Сауд Арабиясы ханзадасы Мухаммед бен Сальман әлем бірікпесе қара алтынның құны шектен тыс шарықтауы мүмкін деп отыр. Бул туралы REUTERS ақпарат агенттігі жазды. Ал, дүниежүзінде мұнай құны өссе, Қазақстанда жанармай бағасының көтерілетіні белгілі жайт дейді сарапшылар. Осыған байланысты біз экономикалық сарапшы Мақсат Халықтың пікірін білген едік.
– Мақсат мырза, Араб әмірлігінің ханзадасы Иран мұнайын ұстау үшін әлем бірігу керек деді. Әйтпесе, ешқашан көрмеген құнды көруіміз ғажап емес деді. Қаншалықты мүмкін нәрсе осы?
– Иә қазіргі таңда әлемде мұнай нарығына байланысты күрт өзгерістер болып жатқан жағдайдар бар. Осыдан екі апта бұрын ғана Сауд Арабиясының Оремка дейтін үлкен қоймасының жарылуына байланысты мұнайға деген сұраныстың күрт өсуі байқалды жәнеде соның есебінен мұнай бағасы бірден шарықтап кеткенін байқадық. Бұл уақытша құбылыс болды, кейінен Әраб әмірліктері бұл олқылықты тез толтырамыз, әлемге жеткізіп отырған мұнайды төмендетпейміз деген сөздерінен кейін бұл жағдай қайта қалпына келе бастады. Мұнай бағасы біртіндеп алғашқы өз бағасына оралғанын байқадық. Айтып өту керек, әлемде саяси фактор орын алып отыр. Ол бірінші кезекте АҚШ-тың Иранға деген қарсы әрекеті. Соған байланысты Иранға деген санкцияны күшейту керекпіз, оған байланысты әлем болып бірікпесек, мұнай бағасы қатты қымбаттап кетуі мүмкін деді. Себебі баға бір кезде қатты өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бағаның күрт құбылуы нарыққа кері әсерін тигізіп жатқаны хақ.
– Ал, біздің көлік жүргізушілер арасында бензин көтеріледі деген әңгіме жиі айтылып жатыр. Жаңағы сіз айтқан мәселелер Қазақстандағы жанармай бағасына қаншалықты әсер етеді?
– Әлемдегі мұнай бағасының бірден шарықтап кеткені нарыққа кері әсерін тигізеді. Себебі мұнай нарығында бағалары алдын-ала рәсімделеді. Ал, бізде мынадай үрдіс сақталған: мұнай бағасы өсіп жатса, бізде де жанар-жағармай бағасын өсіреді. Сондықтан біздегі мұнай нарығындағы жағдайды атап өту керек. Бізде көбінесе алгополиялық нарық кездеседі. Ол – бірнеше ойыншы бар деген сөз. Міне, осындай жағдайлардың әсерінен жанармай бағасын өсіріп жатыр. Сондықтан да жанар-жағармай бағасы өсіп қалуы әбден мүмкін.
– Жақсы, рахмет Мақсат мырза.