Маусым айында Алматыда ауа райы қандай болады?

Маусым айында Алматыда ауа райы қандай болады?
Маусым айының екінші жартысында күн ашық, ауа температурасы 30-35 градусқа дейін көтеріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы аптада Алматыда тұрақсыз ауа райы сақталады, – дейді синоптиктер. Болжам бойынша, жауын-шашынды күндер тағы бір аптаға созылмақ. Алдағы демалыс күндері және келер аптада алматылықтар мен қала қонақтарын қандай күн райы күтіп тұр? Жалпы маусым айына синоптиктер қандай болжам жасап отыр? Бұл жөнінде «Қазгидрометтің» Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев айтып береді.  

– Демалыс күндері Алматы қаласында ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады деп күтіледі. Қатты жел соғуы да мүмкін. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, күндіз 23-28 градус нөлден жоғары болады. Таулы аймақтарда да осындай: ауа райы тұрақсыз, аспан ала бұлттанып, тіпті  нөсер құюы да мүмкін. Ауа температурасы қалаға қарағанда 5-10 градусқа төмен болады. Тек демалыс күндері ғана емес, алдағы апта бойына Алматы қаласында ауа райы құбылмалы болады. Аяқ астынан жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Ауа температурасы түнде 9-14 градус, ал күндіз 23-28 градус жылы болады.  

– Түсінікті. Ал, маусым айының екінші жартысында Алматыда ауа райы қандай болмақ? Былтырғы жылмен салыстырғанда жаздың алғашқы айы салқын бола ма?

– Осы жылғы маусым айының бірінші жартысы жауын-шашынды болса, ай соңына қарай күн бірыңғай ашық болады. Ауа температурасы күндіз 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Жалпы биылғы маусым айы өткен жылмен салыстырғанда, жауын-шашынды болды. Бірақ ауа температурасы былтырғы жылмен бірдей, 24-29 градус аралығын көрсетеді.

– Дәулет мырза, сұрақтарға жауап бергеніңізге рахмет!

Новости партнеров