26 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас жолдары да ақылы болды
Асфальт жолдан қарағанда бетоннан төселген автожол 2 екі есе шыдамды. Алғашқысына әр он жыл сайын күрделі жөндеу жасау керек болса, бетонды 20 жылда бір рет қайта жөндеуден өткізсе болады екен.
Елімізде жыртығы жамалып жатқан жолдар мен ақылы автожолдардың қаншалықты қашықтығы артатыны туралы «Алматы» телеарнасына «ҚАЗАВТОЖОЛ» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ұлан ӘЛІПОВ түсіндіріп берді.
- Ұлан Тоқтарбайұлы, дәл қазіргі уақытта республиканың қай өңірлерінде ірі автожолдарды жөндеп жатырсыздар?
- Қазіргі жалпы құрылыс жұмыстары 4,5 мың шақырымды қамтып жатыр. Олар: Талдықорған мен Өскеменнің арасы, Күрті мен Бурылбайталдың арасы және Меркі-Шу-Бурылбайтал жолдары. Сонымен қатар, Қарағанды мен Балқаштың арасы, Астана мен Павлодардың арасы, Атырау мен Астрахань арасы, Атырау мен Ақтөбенің арасы, Өзбекстанның шекарасынан бастап Ақжігіт пен Бейнеудің арасында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
- Жыл соңына дейін бәрін бітіріп үлгересіздер ме?
- Жоқ, биыл 530 шақырымды толықтай тапсырамыз. Тағы 300 шақырымнан астам жолда жүруге рұқсат береміз.
- Ақылы жолдарға тоқталсақ. Бүгінгі күнге дейін осы жолдардан бюджетке қанша ақша түсті? Жаңа ақылы жолдар салынатынын білеміз, олар ашылса қаржылай кірісі қандай болмақ?
- Қазақстанда ең алғаш ашылған ақылы жолдың Астана-Бурабай екенін жақсы білесіздер. Ол бюджетке 7 млрд теңгедей қаражат түсірді. 26 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас жолдары да ақылы болды. Есебіміз бойынша олар жыл соңына дейін барлығы 85 млрд теңге қаражат түсіреді. Ол ақшаны біз осы жолдарды күтіп ұстау үшін жұмсаймыз.
Енді ақыла жолдар Астана-Бурабай жолы сол баяғыдан бері келе жатқан, ол бүгінгі күні 7 миллиардтан астам ақша алып келді бюджетке. Ол жолдардың есебі бипылғы жылдың ішінде 85 миллиардтан астам ақша түседі деп отырмыз. Болашақта 2021 жылға дейін біз 11 мың шақырым жолды тағы да ақылы етпекпіз. Барлығы іске қосылғаннан кейін олардың шығынын бюджеттен босатамыз.
- Әңгімеңізге рахмет!