Мамандандырылған ХҚКО-ның басты артықшылығы қандай – маман жауабы

19.01.2019 00:45

Биыл мемлекеттік қызмет түрлерінің 80 пайызы электронды түрге ауысады. Келесі жылы 90 пайызын компьютер арқылы алуға мүмкіндік туады. Мұндай шешім ең алдымен, қағазбастылықтан арылтады дейді мамандар. Сонымен қатар, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында да жұмыс біршама оңтайландырылған. Алдағы уақытта көліктің мемлекеттік нөмірін үйге жеткізу қызметі іске қосылмақ. Жалпы, Алматыда аталған орталықтар жыл санап көбейіп келеді. Ондағы мақсат не? Осы және өзге де сауалдарға Алматы қаласындағы №3 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ернар АЙТБЕКОВ жауап бермек.

– Ернар Құрманәліұлы, Алматыда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары көбейіп келеді. Оның себебі неде? Жалпы, олар қай жерлерде орналасқан?

– Осы таңда мамандандырылған бөлім саны бесеуге жетті. Олардың орналасқан жерлері: №1 бөлім Алатау ауданында, №2 бөлім Түрксіб ауданында, №3 бөлім Жетісу ауданында, №4 бөлім Наурызбай ауданында, №5 және №6 бөлімдер Түрксіб ауданында орналасқан. Ол бөлімдердің көбейіп ашылып жатқан себебі, тұрғындардың өздеріне ыңғайлы қызметі алуға. Мысалы, Медеу ауданында орналасқан тұрғын өзінің ауданының ыңғайлы жерінен қызмет алғысы келеді. Сондықтан осындай тұрғындардың ұсынысы, сұранысы бойынша әркімнің өз ауданына барып, қызмет алу мүмкіндігі артып келеді.

– Тұрғындар көбінесе қандай қызмет түрін алады?

– Тұрғындар көбінесе көлікті есептен шығару және есепке қою, техпаспорт ауыстыру, жоғалтуға қатысты қызметтерді алады. Қыз-келіншектер көбінесе фамилияларын ауыстырып жататындықтан, техпаспортты ауыстыру қызметіне де жүгінуге мәжбүр болып жатады.

– Көлікті есепке қойғанда немесе оны есептен шығарғанда азаматтарда көбінесе қандай қиындықтар туындайды?

– Көлікті есепке қойған кезде техбайқауы, әкімшілік айыппұлы және салығының бар-жоғы тексеріледі. Сол себепті, салығы мен айыппұлын уақытында төлемегендерге көбінесе қандай да бір қиындықтарға тап болып жатады.

– Жаңа техникалық паспорт туралы айтып өтсеңіз?

– 2019 жылдың басты жаңалығы – чиптік техпаспорттың шығуы және іске қосылуы. Ол халыққа ыңғайлы және көп қағазды тасып жүрмеу үшін, сондай-ақ, оны үйде ұмытып кету сынды проблемалар туындамауы үшін ойластырылған әдіс деуге болады.

– Жауабыңызға рахмет!


Өмір Әнуарбек, «Алматы» телеарнасы