Ауа райы құбылмалы болады: Синоптиктер алматылықтарға қандай кеңес береді

25.07.2020 01:03

Таулы аймақтарда ауа райы қандай болады?

ашық дереккөз

Шіліңгір шілденің ыстығы қашан қайтады? Синоптиктер алдағы күндерге қандай болжам жасап отыр? Ол туралы «Қазгидромет» Алматы қаласындағы филиалының инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев «Алматы» арнасының тікелей эфирінде айтып бермек.

– Қайырлы кеш, Дәулет мырза! Сенбі-жексенбі күндері Алматыда күн райы қандай болмақ?

– Кеш жарық! Осы демлыс күндері Алматы қаласында ауа райы құбылмалы болады.  Өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Найзағай кезінде жел екпіні секундына 10 метр  күтіледі. Ауа температурасы түнде 19, 21 градус. Ал, күндіз 32, 34 градус болады.

– Ал, таулы аймақтарда ауа райы қандай болады? Табиғатта демалатынды жаны сүйетіндерге нендей кеңес бересіздер?

– Таулы аймақтарда дәл солай. Ауа райы құбылмалы болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде жел екпіні 15 метр секунд күтіледі. Ауа температурасы қалаға қарағанда 10 градусқа төмен болады.

– Алдағы аптада осындай тұрақсыз күн райы күтіле ме? Әлде қалай?

– Келесі аптада Алматыда қатты ыстықтың төмендеуі күтіледі. 30,35 градустан 25, 30 градусқа дейін. Ал, жеке күндері өткінші жаңбыр жауып, найзағай кезінде жел екпіні 12 метр секунд күтіледі.  Ауа температурасы түнде 18,23 градус аралығында болады.

– Тұшымды ақпарыңызға рақмет. Тікелей байланыста болған «Қазгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев.