Жаңа Қазақстан құрудағы кадрлық өзгерістердің маңызы қандай

19.02.2022 01:04

«Жаңа Қазақстанды» құру жолында кадр мәселесі өте күрделі әрі маңызды». Осылай деген Президент өз сұхбатында жастар кадрлық резервіне де арнайы тоқталды. Мемлекеттік қызметті эксперимент алаңы емес деген ел басшысы саяси тазалау терминіне қатысты өз пікірін білдірген еді. Жалпы, «Ескі мамандармен жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?» деген көптің көкейіндегі сұраққа тұщымды жауап ала алдық.

Кешегі Президент ойын жалғау үшін Almaty.tv студиясына Алматы қалалық мәслихат депутаты Рахат Шимашева келіп, еліміздегі кадрлық өзгерістерге, әкімдерді сайлау мәселесіне қатысты, сондай-ақ ұсынылғалы отырған «Саяси реформалық» бағдарламадан не күтуге болатыны жайлы пікірін білдірген еді.