№1 қалалық клиникалық аурухананың директоры Сәбит Пазылов скайп арқылы байланысқа қосолды
Шет елден елге оралғандар оқшауланған Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханада жатқандардың жағдайы қалай? Оларды күн-түн демей бақылап жатқан дәрігерлер қалай жұмыс атқаруда? Қиын сәтте орасан еңбек істеп жатқан ақ халаттылар тіпті жақындарымен тілдесуге уақыты болмай жатқан көрінеді. Дегенмен дәл қазір біз №1 қалалық клиникалық аурухананың директоры Сәбит Пазылов мырзамен скайп арқылы байланысқа қосыламыз. Себебі қазіргі таңда ауруханаға қызметкерлерден басқа ешкім кіре алмайды.