Ғылымды дамыту үшін ғалымдардың жағдайын жасау керек – Ғарифолла Есім

20.08.2022 01:55
Ашық дереккөз

Қазақстанда ғылым саласы қарқынды дамымай тұр.Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі» тұжырымдамасы қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ғылыми, ғылым туралы бағдарламасы жоқ мемлекеттің болашағы да жоқ. Ғылым 3 нәрседен тұрады. Білім. Ол ғылымға айналады. Ғылым қоғамға шыққанда кезде технология болып шығады. Бізде 3 сатысы да ақсап тұр. Мына білім беру жүйесі де ақсап тұр. Қазір біз жетілдіре алмай жатырмыз. Қазіргі кезде білім беру жүйесін қай елге сүйеніп жүргіземіз, ол да қиын болып жатыр. Бірақ жұмыс жүріп жатыр, ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Ізденіс  бар. Бірақ өзгеріс қажет», – деді академик, абайтанушы, профессор Ғарифолла Есім.

Ғарифолла Есімнің айтуынша, саланы дамыту үшін ғылыммен айналысатын адамдарға жағдай жасау керек.

«Біріншіден, ғылыммен айналысатын адамдарға жағдай жасау керек. Олардың алатын шәкіртақысы. Стипендиясы дейміз ғой, көтеру керек. Шетелге барып тұру үшін жағдай жасау керек. Олармен байланыс жасауға мүмкіндік болуы тиіс. Екіншіден, ғылыми институттардың жұмысының сапасын қадағалауымыз керек. Тексеріп алу керек. Сұрыптап алу керек. Егер көмек керек болса,  физика, математика, химия сияқты институттарға өте қымбат құралдар керек, қамтамасыз ету керек. Жастарға жағдай жасап, ғылыми жұмысты жолға қою керек. Қазір жас министр келді ғой,Нұрбек Саясат. Ғылым саласы дамиды деп ойлаймын», – деді академик, абайтанушы, профессор Ғарифолла Есім.