Елімізде бұдан былай «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау тәртібіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұсынылып отырған жаңа құжат бойынша қызметкердің еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын арттыру көзделген.
«Қазіргі уақытта өздеріңіз білетіндей мемлекеттік қызметке үміткерлер бірінші заңнаманы білу бойынша тестілеуден өтеді, одан кейін мемлекеттік органдағы әңгімелесу кезеңіне барады. Қазіргі агенттіктің жасалып жатқан жұмыс жоспарына сәйкес, біздер келешекте үміткерлердің кәсіби қызметтеріне жеке құзіреттерін бағалауға баса назар қоятын боламыз. Үміткерлер тестілеуді заңнаманы білу бойынша өткеннен кейін қосымша олар IQ, YQ, EQ сияқты тестілеуден өтетін болады. Яғни, олардың бойындағы интеллект, эмоция және рухани құндылықтарын бағалайтын боламыз. Айта кететін жәйт бұл тестілеулер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мүшелері тәжірибесінде кеңінен қолданылатын тест болып табылады. Одан кейін үміткерлер жоспарға сәйкес мемлекеттік органда құрылатын конкурс комиссияларын өздерінің таңдауы бойынша берілетін не эссе жазу, не кейс тапсыру сияқты қосымша іріктеулерден өтетін болады. Одан кейін конкурстық комиссияның әңгілемесу кезеңіне барады. Бұл жерде айтып кететіні үміткерлердің барлығы тестілеуге қатысу барысында жеке код беріледі және оларды осы іріктеу рәсіміне қатысу барысында аты-жөні бойынша немесе басқа да белгілері бойынша анықтау мүмкін болмайды. Бұл өз кезегінде конкурстардың ашықтығын қамтамасыз етуге өзінің септігін тигізеді. Кезеңнің барлығы «Е-қызмет» ақпараттық порталы арқылы автоматтандырылады Тағы да бір оңтайландыру мәселесіне қатысты ЖОО және орта арнайы оқу орындарында оқып жатқан жастар бағалары жоғары көрсеткішпен тәмамдаған жағдайда бір жылдың ішінде ауылдық және аудандық деңгейде төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындау мүмкіндігі қарастырылып жатыр», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Жандос Сәрсен.
Жандос Сәрсеннің айтуынша, тестілеу конкурстың әділ өтуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтен «шығу» мәселесі бойынша бекітілген тәртіп оңтайландырылады.
«Бұл мәселе бойынша агенттікпен жоспарланып отырған мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жүйесіне сәйкес олардың жұмысы тоқсан сайын бағаланып отырады. Жобаға сәйкес егерде мемлекеттік екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз деген баға алатын болса, онда оны лауазымынан төмендету, төмендегі лауазымды болмаған жағдайда жұмыстан босату сияқты шешімдер қабылданатын болады», – деді Жандос Сәрсен.
Сондай-ақ «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау тәртібі де өзгерді.
«Мемлекеттік қызметкерлердің нақты кәсіби құзіреттері бағаланады. Яғни, әрбір мемлекеттік қызметшінің өзінің жұмысында мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы индигаторларды қолжеткізу бағытында жасаған нақты жұмысының нәтижесі бағаланатын болады. Бұл жүйеге сәйкес жобада біздер тоқсан сайын 360 әдісімен бағалауды қарастырудамыз. Жаңа бағалау тәсілі «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Жандос Сәрсен.