Тарифтің көтерілуіне көмірдің өзіндік құны мен оны тасымалдау бағасының өсуі себеп болып отыр
Электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Бұл жөнінде «Алматы» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
Электр энергиясының құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Министрлік жуырда тоқ өндіруші компаниялар үшін шекті бағаны белгілейтін жобасын таныстырмақ. Ол 1 шілдеде бекітіледі. Тарифтердің көтерілуіне көмірдің өзіндік құны мен оны тасымалдау бағасы өскендігі себеп болса керек.
«Электр энергиясының бағасы алдағы жарты жылда немесе бір жылда қымбаттауы мүмкін. Бағаның көтерілуіне әсер етіп отырған тағы бір фактор ол жұмысшылардың жалақысын көбейту. Қызметкерлердің айлықтарын көтермесек кадрдан айырыламыз», – деді ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Қазақстанда атом электр стансасы қандай технологиямен салынады? Электр энергиясының бағасы өсе ме? Елді газбен қамту мәселесі қалай шешіледі. Осы және өзге сұрақтарды төмендегі сілтемеден көре аласыздар.